Спорт ойындары кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедра жұмысының негізгі бағыты оқу-әдістемелік жұмыс болып табылады. Кафедрада таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі, таңдаған спорт түрінің функционалдық, дене және техникалық дайындығын жетілдіру, таңдаған спорт түрінің оқыту әдістемесі, таңдаған спорт түрінің техникалық шеберлігін жетілдіру, таңдаған спорт түрінің жарыс қызметін жетілдіру, таңдаған спорт түрінің дене дайындығы, таңдаған спорт түрінің техника-тактикалық дайындығы, таңдаған спорт түрінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, таңдаған спорт түрінің жас ерекшеліктері, таңдаған спорт түрінің дайындық ерекшеліктері, таңдаған спорт түрінің, таңдаған спорт түрінің әдістемелік шеберлігін жетілдіру, таңдаған спорт түрінің спорттық-педагогикалық шеберлігі, таңдаған спорт түрінің төрешілік шеберлігі, таңдаған спорт түрінің кәсіби жаттықтырушылық қызметін жетілдіру( жоспарлау, бақылау, ғылыми көзқарас), таңдаған спорт түрінің спорттық дайындық процесін басқару; жалпы курс пәндері: оқыту әдістемесімен баскетбол, оқыту әдістемесімен волейбол, қозғалмалы ойындар, спорттың базалық түрлеріне оқытудың теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша).

Пәннің міндеттері – болашақ бакалаврға “дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша спорт ойындарына оқытудың теориясы мен әдістемесі негіздерін, дене шынықтыру бойынша әдістемелік және практикалық сабақтарды өткізу және жіктеу бойынша, сабақтарда және дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік техникасы бойынша, сауықтыру дене шынықтыру-спорттық іс-шараларын өткізу әдістемесі бойынша білім беру.  Студент спортпен шұғылдануда және дене шынықтыру сабақтарында жарақат алу кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша қажетті білім алады;  спорт ойындары бойынша сабақтар өткізу кезінде жаңартылған мектеп бағдарламасы бойынша техникалық-тактикалық тәсілдерге оқыту құралдарын таңдау және пайдалану.

Кафедраның ПОҚ студенттерге спорттық ойындар бойынша оқу және оқу-әдістемелік құралдар шығарады.

Кафедра дене шынықтыру және спорт саласында білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы материалдық-техникалық базаға ие. Оқу барысында интерактивті технологиялар кеңінен қолданылады: мультимедиалық сүйемелдеумен дәріс, практикалық сабақтарда ТСО (бейне-, аудио-, медиатека), спорттық гимнастикалық снарядтар және спорт ойындарын оқытуда арнайы жабдықтар. Педагогикалық үдеріс кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады, жұмыс оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде Типтік оқу бағдарламалары пәндерінің барлық оқу-әдістемелік кешені әзірленді (студенттің таңдауы бойынша) .

Кафедрада 2 спорт зал, әдістемелік сабақтар өткізу үшін мамандандырылған аудитория жабдықталған.

Баскетбол, волейбол, футбол, теннис, хоккей, гандбол, регби мамандықтары бойынша оқитын студенттердің оқу-өндірістік практикасы оқу үдерісінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Оқу-өндірістік тәжірибені (кәсіптік және педагогикалық) өткізуге арналған база мектеп-гимназиялар, спорт клубтары, БЖСМ, жалпы білім беретін мектептер, денсаулығы бұзылған балаларға арналған түзету мектептері болып табылады.

Close