Жеңіл атлетика кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы

Женіл атлетика кафедрасының негізгі бағытталған қызметі оқу-әдістемелік жұмыс болып табылады. Кафедрада жугіру мен Женіл атлетика түрлері  оқытылады.

Кафедра пәндерінің негізгі міндеттеріне –«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алатын студентерге дене күш  мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана отырып спорттық  жаттығуларды  орындау барысында жоғары спорттық дәрежеге нәтижелі  жетуге, ретсіз немесе күрделі жаттығуларды орындау барысында туындаған жарақаттар мен ағза мүшелерінің әртүрлі бұзылыстарында,жаттығулардың да тиімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар аталған  жаттығуларды  көрсету тәсілдерін меңгеру, сауықтыру жаттығуларының түрлерін ұсына отырып, жарақат алған мүшенің  құрылым – қызметін қалпына келтіруге бағытталған түзету жаттығуларын ұсыну.

Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы студенттерге және спортшыларға ұлттық спорт бойынша жалпы мәселелері бойынша оқу және оқу-әдістемелік құралдарын  шығаруда  үлкен еңбек етеді.

Кафедра ұлттық спорт және шығыс жекпе-жегі спорт саласында білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай материалдық-техникалық базаға ие.

Кафедраның базалық және профильді пәндерін жүргізуде лабораториялық және практикалық сабақтарда үнемі спорттық құралдарды қолдану, рольдік және іскерлік ойындар арқылы сабақ мазмұнынын меңгеруде оқыту технологиялыраның түрлерін қолдану, сонымен қатар заманауи техникалық құралдарды  дәріс,   семинар сабақтарында қолдана отырып  келешек  мамандардың біліктілігін арттыруға үлес қосуда.

Студенттерді оқыту кредиттік технологиясы бойынша және де соған сәйкес пәннің оқу-әдістемелік кешені және типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы оқыту барысында инновациялық интеракивтік технологияларын қолданады: мультимедиялық дәрістер, зертханалық және практикалық сабақтарда ОТҚ (видео-, аудио-, медия),  спорттық  зал  құрал-жабдықтар.

Кафедрада 1 мамандандырылған аудитория-«Рухани жаңғыру» әдістемелік кабинеті, 1 спорт зал бар.

Кафедраның професссорлық-оқытушылар құрамы –  «Женіл атлетика», «Шығыс жекпе-жегі» базалық пәндері және «Ұлттық ойындар» пәні  мамандандыру бойынша типтік оқу бағдарламасының авторлары.

Кафедраның професссорлық-оқытушылар құрамы екі тілде оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, баспадан шығарды: «Ұлттық спорт», «Шығыс жекпе-жегі», «Женіл атлетика».

Женіл атлетика кафедрасында оқитын студенттердің оқу-өндірістік практикасы оқу үдерісінің кестесіне және бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.

Close