Шет тілдер кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы

          Кафедраның негізгі бағыты – оқу-әдістемелік жұмыс болып табылады. Кафедрада қазақ тілі, кәсіби қазақ тілі, орыс тілі, кәсіби орыс тілі, ағылшын тілі, коммуникативтік ағылшын тілі, қосымша білім беру траекториясы, дене шынықтыру және спорттық журналистика пәндері оқытылады.

Кафедра  пәндерінің міндеттері – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша болашақ бакалаврларға коммуникацияның ғылыми   саласымен байланысты сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыруға және жетілдіруге  мүмкіндік беретін білім көлемі.

Мамандық бойынша ғылыми ақпаратқа тек қана туған тілінде ғана емес, сонымен қатар орыс және ағылшын тілдерінде қол жетімділік, оны тиімді оқыту сапалы білім беруді қамтамасыз етеді.

МЖМС сәйкес, ғылым мен мәдениет тілінің әлеуметтік қызметтері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білімді қалыптастыруда сақталады, сондықтан   тілдердің қызметін  көрсетуге мүмкіндік беретін, оқыту деңгейлері стандартына назар аударылады.

Пәндердің негізгі мақсаты – болашақ мамандардың болашақ коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады – белгілі бір қоғамдық және ғылыми сөйлеу жағдайында нақты коммуникациялық проблемаларды лингвистикалық құралдар арқылы шешу, А-2, В-1 негізгі стандарттар деңгейінде білім беру процесінде тілдік емес мамандықтары студенттерінің мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Кафедра заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Кафедраның 5 дәрісханасы интерактивті тақтамен және 12 дәрісханасы   теледидарлармен   жабдықталған. Кафедраның негізгі және мамандандырылған пәндерінің ерекшелігі интерактивті құралдардың элементтерін практикалық сабақтарда, рөлдік ойындарда және іскерлік ойындарда 100% пайдалануды талап етеді.

          Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы үш тілде электронды оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап шығарды:

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу».

«Қазақ тілі».

«Кәсіби қазақ тілі».

«Раскравь крылья»  

«Русский язык»  

«Стиль речи, русский язык»  

«English for Travel».

«English»  

«Английский язык» 

Close