ЖАСТАРДЫҢ ДЕПАРТАМЕНТІ

8c74de3cd1496731

Құрылымы ОДМ мүщелері Студенттік клубтар Жатақхана

Ереже

Қазақ спорт және туризм академиясының жастар ісі жөніндегі бөлімі

Іс-шаралар жоспары

  1. Жалпы ережелер

1.1.   Жастар ісі жөніндегі бөлім Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы Академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Жастар ісі жөніндегі бөлім ЖОО әкімшілігі алдында оған тапсырылған қызмет саласы мен ЖОО-ның жастар құрылымдары жұмысының тиімділігі үшін жауап береді.

1.3. Жастар ісі жөніндегі бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:

– ҚР Конституциясы;

– ҚР заңдары;

– Академия Жарғысы;

– Ішкі тәртіп ережелері;

– Академия Президентінің Бұйрығы;

– Академияның тәрбие жұмысының жоспары;

– Жатақханада тұру ережесі;

– Жастар ісі бөлімінің ережесі.

1.4. Жастар ісі жөніндегі бөлімнің қызметі Академияның барлық студенттеріне бағытталған.

1.5. Жастар ісі жөніндегі бөлімнің шешімдері ұсынымдық және консультативтік сипатта болады.

1.6.  Жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Академия ректоратының құрамына кіреді.

1.7. Өз қызметінде Жастар ісі жөніндегі бөлім бірінші проректорға, ӘББ басшысына бағынады.

  1. Мақсаты

2.1. Бөлім қызметі жастар саясатын жүзеге асыруға және оны жан-жақты іске асыру бойынша шаралар әзірлеуге бағытталған.

  1. Міндеттер

3.1. Қызмет бағыттары бойынша ЖОО-да оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу.

3.2. Студенттік ұжымдарда шығармашылық, өзара көмек жағдайын қалыптастыру.

3.3. Келісім шарт негізінде білім алушылардың ақысын төлеу бойынша жеңілдіктерді бөлу бойынша комиссия жұмысына қатысу.

3.4.  Олимпиадалар мен ғылыми конференцияларды ұйымдастыру және өткізуге қатысу.

3.5.  Мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.

3.6. Академияның қоғамдық ұйымдарының жастар саясатын іске асыру, жастар проблемаларын дер кезінде шешу мәселелері бойынша қызметін үйлестіру.

  1. Негізгі функциялары

Жастар ісі жөніндегі бөлім (жүктелген міндеттерге сәйкес) келесі функцияларды орындайды:

4.1. ЖОО-да ҚР жастар саясатын жан-жақты жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізеді;

4.2. ҚР заңнамалық актілерінде, “ҚР Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында” баяндалған құқықтардың, міндеттердің сақталуын қамтамасыз етеді»;

4.4. Бөлімнің, оның бөлімшелерінің жұмысын жоспарлайды;

4.5. Белгіленген тәртіпте бөлімшелермен және жоғары тұрған органдармен байланысты жүзеге асырады.

  1. Жоспарлау тәртібі және есептілік

5.1 Жастар ісі жөніндегі бөлімнің жұмысы жоғары оқу орнының басшылығы бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

5.2. Жастар ісі жөніндегі бөлімнің шешімдері оқу топтарының старосталары, бөлімнің құрылымдық бөлімшелері орындауға міндетті.

5.3. Тәрбие және спорт жұмыстары жөніндегі проректорға есеп дайындау және уақытында беру.

  1. Құқықтары мен міндеттері

Жастар ісі жөніндегі бөлімге құқық беріледі:

6.1. Студенттік актив қатарынан өз жиналыстарында өкілдерді тыңдау;

6.2. ЖОО әкімшілігінде ,ғылыми кеңес және ректорат отырыстарында жастарды ұсыну, жастардың мүдделері мен проблемаларын қорғау;

6.3. Басқа жоғары оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі бөлімдерімен байланысты жүзеге асыру;

6.4. ЖОО әкімшілігі алдында жастарды материалдық және моральдық көтермелеу немесе тәртіптік сипаттағы шаралар қолдану туралы өтініш жасау.

  1. Құрылымы

7.1. Жастар ісі жөніндегі бөлімді Қазастр Президентінің бұйрығымен тағайындалатын басшы басқарады.

7.2. Басшы:

– басшы Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;

– басшы МАК мүшелері арасында міндеттерді бөледі және олардың қызметін үйлестіреді;

– өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде басшы жоғары оқу орнының әкімшілігі берген құқықтарды пайдаланады.

7.3. Жастар ісі жөніндегі бөлімнің құрамына:

– Жастар ісі бөлімінің басшысы;

– Жастар ісі бөлімінің маманы;

– Жастар ісі бөлімінің музыкалық редакторы;

– академиялық топтардың старосталары;

– бағыттар бойынша клуб жетекшілері;

– студенттік кеңестің төрағасы.

  1. Функционалдық міндеттері

Жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы келесі еңбек қызметін жүзеге асыруға міндетті:

8.1. Жастардың жұмысы бойынша іс-шараларды дайындау және өткізуді қамтамасыз ету.

8.2. Жастарға қатысты мәселелер саласында мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру және әзірлеу.

8.3. Жұмысшы жастардың, жоғары оқу орындары студенттерінің, кәсіптік орта білім беру мекемелерінің, соның ішінде жатақханада тұратындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша жұмыс жасау.

8.4. Академияның техникалық және патриоттық клубтарының жұмысын ұйымдастыруға және үйлестіруге, түрлі іс-шаралар (фестивальдар, конкурстар, жәрмеңкелер және т. б.) өткізуге жәрдемдесу.

8.5. Студент жастармен жұмысты ұйымдастыру, студент жастардың мәселелері бойынша социологиялық талдау жүргізеді.

8.6. Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты жүзеге асыру.

8.7. Талантты жастарды қолдау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Жастар ісі жөніндегі бөлімнің маманы келесі еңбек қызметін жүзеге асыруға міндетті:

8.8. ЖОО қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің жұмысын үйлестіреді, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

8.9. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша шараларды әзірлейді және жағдайын талдайды.

8.10. Жастар ісі жөніндегі бөлімнің іс қағаздарын жүргізеді.

8.11. Жастар саясаты мәселелері бойынша дәріс оқиды.

8.12. Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында музыкалық редактор мынадай лауазымдық міндеттерді орындайды:

8.13. Жаңа қойылымдарды жасауға және бұрын жасалған қойылымдарды қайта жаңартуға тікелей қатысады.

8.14. Дайындықтар ұйымдастыруға және өткізуге өз бетінше немесе ассистент ретінде қатысады.

8.15. Қойылымға жаңа орындаушыларды енгізуді жүзеге асырады, қажет болған жағдайда дайындық процесін жоспарлайды.

8.16. Сахналық алаңның акустикалық мүмкіндіктеріне байланысты дыбыстың техникалық сапасына жауапты.

Өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында хореограф мынадай лауазымдық міндеттерді орындайды:

8.17. Би ұжымдарының қатысуымен биге үйретуді, би қойылымын және би қойылымдарын жасауды жүзеге асырады.

8.18. Жаңа қойылымдарды қою және бұрын қойылған қойылымдарды, концерттік бағдарламаларды жаңарту, конкурстарды дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды жүргізеді.

8.19. Спорттық жарыстарды өткізу ережелеріне сәйкес хореографиялық қойылымдарды, соның ішінде жеке және ұжымдық қойылымдарды жүзеге асырады.

8.20. Хореографиялық қойылымдарда жұмыс істейтін Жасөспірімдер мен жастармен ұжымдық және жеке сабақтар, репетициялар өткізеді.

8.21. Күрделі емес ансамбль нөмірлері мен хореографиялық сахналардың орындалуын дербес дайындайды, олардың көркемдік сапасын қамтамасыз етеді.

8.22. Репертуарды қалыптастыру, мәдени-ағарту қызметін жүргізеді.

8.23. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді.

8.24. Жасөспірімдер мен жастардың музыкалық және хореографиялық қабілеттерін және эмоциялық саласын, шығармашылық қызметін дамытуды жүзеге асырады.

snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflakeWordpress snowstorm powered by nksnow
Close