6D090200 «Туризм» Білім беру бағдарламасы бойынша

  • Педагогикалық практика (2 курс)
  • Зерттеу практикасы (2 курс)

Докторанттарды дайындаудың оқу процесінің бір элементі педагогикалық практика болып табылады, ол жоғары білім беру мекемелерінде, колледждерде, орта білім беру мектептерінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару бойынша маманды кәсіби даярлауға ықпал етеді.

Тәжірибе Қазақ спорт және туризм академиясында бітіруші кафедрада өтеді.

Докторанттардың педагогикалық практикасы екі түрге бөлінеді: сылбыр және белсенді. Сылбыр практикасы докторанттардың анықтамалық конференцияға қатысуын, өзінің мамандану пәні бойынша оқытушылардың дәрістік, семинарлық және зертханалық сабақтарына қатысуын білдіреді.

Белсенді практика кезінде докторанттар: бітіруші кафедра жұмысының мазмұны мен бағытын, оқу жүктемесін жоспарлау мен есепке алу құжаттарын, кафедра пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалдарды зерделейді. Тәжірибе барысында докторанттар педагогикалық талдау, дәрістер, семинарлар және аудиториядан тыс іс-шаралар өткізеді. Ғылыми жетекшісімен және (немесе) оқытушының келісімі бойынша сабақтар немесе сабақтардың үзінділері өткізіледі, жекелеген оқу пәндері бойынша лекциялар конспектілері әзірленеді.

Зерттеу практикасы докторанттың ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметін дамыту мен жетілдірудің ажырамас бөлігі болып табылады. Практика КазСТА туризм ҒЗИ жүргізіледі. Практика барысында докторант ғылыми мақала жазу немесе ғылыми-зерттеу практикасының жетекшісі ұсынған тақырыптарға сәйкес аналитикалық шолу дайындау үшін тақырып бойынша ғылыми ақпараттарды жинауды, өңдеуді және талдауды орындайды.

Close