6D010800 «Дене шынықтыру және спорт» Білім беру бағдарламасы бойынша

  • Педагогикалық практика (2 курс)
  • Зерттеу практикасы (2 курс)

Докторанттардың педагогикалық практикасының мақсаты: педагогикалық еңбек дағдыларын қалыптастыру, пәндік педагогикалық технологияларды, эксперименталды іс-әрекет негіздерін меңгеру және шығармашылық көзқарасты қалыптастыру болып табылады. Тәжірибе Қазақ спорт және туризм академиясында бітіруші кафедраларда өтеді.

Докторанттардың педагогикалық практикасы екі түрге бөлінеді: сылбыр және белсенді. Сылбыр практика докторанттардың анықтамалық конференцияға қатысуын, өзінің мамандану пәні бойынша оқытушылардың дәрістік, семинарлық және зертханалық сабақтарына қатысуын білдіреді. Белсенді практика кезінде докторанттар: бітіруші кафедра жұмысының мазмұны мен бағытын, оқу жүктемесін жоспарлау мен есепке алу құжаттарын; кафедра пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалдарды зерделейді. Практика барысында докторанттар педагогикалық талдау, дәрістер, семинарлар және аудиториядан тыс іс-шаралар өткізеді. Ғылыми жетекшісімен және (немесе) оқытушының келісімі бойынша сабақтар немесе сабақтардың үзінділері өткізіледі, жекелеген оқу пәндері бойынша лекциялар конспектілері әзірленеді.

Зерттеу практикасының мақсаты отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін зерделеу, диссертациялық жұмысты тәжірибелік зерттеу нәтижелерін жинақтау, өңдеу, талдау және интерпретациялаудың заманауи әдістерін қолданумен тәжірибелік дағдыларын меңгеру және бекіту болып табылады. Практика КазСТА спорттағы ҒЗИ-да өтеді.

Практика барысында докторант ғылыми мақалаларды жазу немесе ғылыми-зерттеу практикасының жетекшісі ұсынған тақырыптарға сәйкес аналитикалық шолу дайындау үшін диссертация тақырыбы бойынша ғылыми ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды орындайды.

НИИ спорта. (2)_compressed

НИИ спорта._compressed

Close