6М090200 «Туризм» Білім беру бағдарламасы бойынша

  • Педагогикалық практика (2 курс)
  • Зерттеу практикасы (2 курс)
  • Магистратураның 1 курсында өндірістік практика (бейінді бағыт)

Магистрлерді даярлаудағы оқу процесінің бір элементтерінің бірі педагогикалық тәжірибе болып табылады, ол болашақ магистрдің жалпы білім беру мекемелерінде, колледждерде, жоғары оқу орындарында білім беру процесін жүзеге асыруға ықпал етеді.

Практика Қазақ спорт және туризм академиясында бітіруші кафедрада өткізіледі. Магистрант жетекшімен бірге сабақты өз бетінше өткізу және оны талдау үшін оқу пәнін таңдайды. Магистранттың практикадан өту барысындағы міндеттері бұл- теориялық ойлауды, жағдайдың стратегиялық көзқарасын қалыптастыру мен дамытуды, топты өз бетінше басқара алуды көздейді.

Зерттеу практикасы МЖБС, академиялық күнтізбеге және магистранттың 2018-2019 оқу жылына арналған жеке жұмыс жоспарына сәйкес КазСТА туризм ҒЗИ жүргізіледі.

Зерттеу практикасы магистранттардың оқу процесінің бір элементі болып табылады және магистрлік диссертацияны орындау және ғылыми дәрежеге ізденуші ретінде, ғылыми қызметті одан әрі жалғастыру үшін үлкен маңызға ие болады. Тәжірибе барысында магистранттар келесі практика түрлерін жүзеге асырады: ғылыми мақала жазу үшін тақырып бойынша ғылыми ақпараттарды жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу; ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарын жасайды; қарастырылатын тақырыпта кешенді зерттеу жүргізеді.

Өндірістік практика “Vitalline”ЖШС-де өтуде. Практиканың мақсаты студенттердің негізгі кәсіби міндеттерін өз бетінше және шығармашылықпен орындауға, сапалы дайындығына ықпал ету болып табылады.

Close