5В091200- «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» Білім беру бағдарламасы бойынша

  • Оқу практикасы (1 курс)
  • Оқу-өндірістік практика (4 курс)
  • Дипломалды практика (4 курс)

Оқу тәжірибесін студенттер мейрамханалар мен қонақ үйлерде даяшы, бармен, қызметші және әкімшінің көмекшісі ретінде өтеді. Практика барысында студенттер қонақтарға қызмет көрсету, нөмірлерді жинауды ұйымдастыру ережелері және т. б. Сұрақтар бойынша іс-тәжірибеде дағдылар  мен іскерліктер алады.

4 курс студенттері оқу-өндірістік практикада теориялық білім, білік, дағды және құзыреттілік негізінде мейрамханалар мен қонақ үйлер кәсіпорнының негізгі функционалдық бөлімшелерінде өзіндік жұмыстың практикалық дағдыларын қалыптастыруды меңгереді.

4 курстың дипломалды практикасы дипломдық жұмысты орындауға дайындық кезеңі болып табылады және осыған байланысты практиканың басты бағыты диплом жұмысының тақырыбы бойынша мәліметтерді жинау және зерделеу болып табылады.

Ұйымдастырылған практика, студенттердің кәсіби дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді, дене шынықтыру, туристік қызмет және мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесі саласында бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

5В090200 “Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі ” білім беру бағдарламасы аясында практика базалары бойынша негізгі серіктестері болып табылады:

  • КазСТА-тың меншікті базалары (филиалдары): «Loftсafe» кафесі, «AcademicApartments» қонақ үйі;
  • Қазақстан туристік қауымдастығы (ҚТҚ).
  • Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (ҚҚҮмМҚ).
  • «Место встречи» кафесі, «Артишок бары»;
  • «Samal», «Шынар», «The Noodles», «Тюбетейка», «Ассорти», «Ин-Али», «Фудзи», «Султан»; отели «Ритц Карлтон», «Rixos» мейрамханалары;
  • «Айсер», «Almatu-Ramada», «Казахстан» қонақ үйлері, «Көктем» санаториясы, «Бастау» ойын-сауық орталығы, «Сова» экспрессо-бары, «The sweet lab» кондитерлігі, «Малибу»кафесі, Grill and Pub “Честный” және т.б.

Туризм және сервис кафедрасының ПОҚ-ның туризм, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі секторларының өкілдерімен тығыз байланыстағы ынтымақтастығы, туризм және қонақжайлылық саласындағы кәсіпорындармен жасалған меморандумдар мен шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Close