5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» Білім беру бағдарламасы бойынша

  • Психологиялық-педагогикалық практика білім беру және спорт ұйымдарында (2 курс)
  • Білім беру траекториялары бойынша психологиялық-педагогикалық практика (2 курс)
  • Оқу-тәрбиелік педагогикалық практика (3 курс)
  • Өндірістік (педагогикалық) практика (4 курс)
  • Білім беру траекториялары бойынша өндірістік практика (4 курс)
  • Дипломалды практика (4 курс)

Кәсіптік практикаларды ұйымдастыру және өткізу үшін практика меңгерушісі, бітіруші кафедра меңгерушілерімен бірге практика базаларымен бағдарламалар әзірленді және келісілді, сондай-ақ ынтымақтастық туралы келісім-шарттар уақытылы жасалды.

5В010800 “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының психологиялық-педагогикалық практикасының мақсаты студенттердің жалпы білім беру мекемелері жүйесінде оқу және тәрбие үрдісін жүзеге асыру бойынша білімдерін, іскерліктерін және практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Тәжірибе барысында студенттер мектептегі “дене шынықтыру” пәнінің мұғалімі және таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушының жұмысымен танысады.

Білім беру траекториялары бойынша білім алушылар 1 апта ішінде психологиялық-педагогикалық практикадан өтеді. Әр білім беру траекториясының талаптарына сәйкес келетін ұйымдармен тәжірибе жүргізу туралы шарттар жасалды. “Дене шынықтыру және спорт психологиясы” траекториясы үшін “Қайрат”ФК  ЖШС-мен шарт жасалды. Бұл ұйымда спортшыларға психологиялық көмек көрсету сеанстарын өткізу үшін жабдықталған Қазақстан Республикасындағы жалғыз кабинет бар.

“Дене шынықтыру және күзет қызметі” білім беру траекториясының практика жетекшілері “Барыс” күзетшілерін даярлау бойынша мамандандырылған оқу орталығымен шарт жасалды, практика барысында студенттер күзет ұйымдарының әдістемелік қамтамасыз етілуімен және ұйымның жедел жұмыс жоспарларын әзірлеумен танысты.

“Дене шынықтыру және спорт менеджменті” білім беру траекториясы республикалық спорт колледжінде практикадан өтеді. Практика бағдарламасында оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс құжаттарымен, дене шынықтыру және спорт ұйымдарының есебі мен есептілігін жоспарлау құжаттарымен, әдіскердің лауазымдық нұсқаулықтарымен танысу қарастырылған. Практика барысында студенттердің мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың құжат айналымын оқып-үйренуге мүмкіндіктері бар және бұл олардың кәсіби шеберлігі мен дағдыларын кеңейтеді.

“Дене шынықтыру және денсаулық менеджменті” білім траекториясының студенттері практикадан өту кезінде “NORDVIK WALKING” ЖШС-де фитнес бағыттары бойынша сабақтарды, рекреациялық және оңалту бағытындағы іс-шараларды құрастыру әдістемесімен танысады.

“Дене шынықтыру және спорт журналистикасы” білім беру траекториясының студенттері “Alaman Innovation” ЖШС-де тәжірибеден өтеді. Олар практикадан өту кезінде газетке мақала және теледидар үшін сюжет дайындау үшін ақпарат жинаудың практикалық дағдыларын алатын болады.

3 курста студенттер оқу-тәрбиелік педагогикалық практикадан өтеді. Практиканың мақсаты орта және жоғары буындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен жүйесімен танысу болып табылады. Студенттер мектептерде өткізілетін барлық спорттық мерекелер мен тәрбиелік іс-шараларға қатысады.

2018-2019 оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес “Дене шынықтыру және спорт ” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері өндірістік (жаттықтырушылық) практикадан өтеді. Практиканың мақсаты студенттерді таңдаған спорт түрі бойынша, жаттықтырушының негізгі кәсіптік міндеттерін өз бетінше және шығармашылықпен орындауға сапалы дайындауға жәрдемдесу болып табылады.

2018-2019 оқу жылында 55 студентпен өндірістік практика өткізу үшін жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту және түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру мақсатында Академия, білім алушы және жұмыс беруші арасында 3 жақты келісім-шарт жасалды.

Білім беру траекториялары бойынша оқитын студенттер 5 апта ішінде мамандану бойынша өндірістік (жаттықтырушылық) практикадан өтеді, келесі 5 апта білім беру траекториялары бойынша өндірістік практикадан өтеді. Таңдаған траектория бойынша игерілген дағдыларды тәжірибеде қолдану студенттерге болашақта еңбек қызметі орнында қажет болатын кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмысты орындауға ниет білдірген студенттер дипломдық жұмыс үшін материалды таңдау мақсатында өз кафедрасында диплом алдындағы практикадан өтеді.

Практика базалары бойынша негізгі серіктестер:

 

  1. NIS Назарбаев Зияткерлік мектебі
  2. № 8 Гимназия
  3. №15 Гимназия
  4. № 34 Гимназия
  5. № 35 Гимназия
  6. № 140 Гимназия
  7. № 44 мектеп-гимназия
  8. № 38  Ресей гимназиясы
  9. № 24 Лицей
  10. № 119 мектеп-лицей
  11. №15 орта мектеп
  12. № 46 орта мектеп
  13. №52 орта мектеп
  14. № 55 орта мектеп
  15. № 59 орта мектеп
  16. № 62 орта мектеп
  17. № 67 орта мектеп
  18. № 85 орта мектеп
  19. № 88 орта мектеп
  20. № 95 орта мектеп
  21. № 102 орта мектеп
  22. № 104 орта мектеп
  23. № 106 орта мектеп
  24. № 116 орта мектеп
  25. № 123 орта мектеп
  26. № 124 орта мектеп
  27. № 128 орта мектеп
  28. №137 орта мектеп
  29. № 146 орта мектеп
  30. № 157 орта мектеп
  31. № 162 орта мектеп
  32. № 167 орта мектеп
  33. № 198 орта мектеп
  34. Н. Ким атындағы гимнастика академиясы
  35. Алматы қаласының № 2 БЖСМ
  36. Алматы қаласының № 3 БЖСМ
  37. Алматы қаласының № 5 БЖСМ
  38. Алматы қаласының № 15 БЖСМ
  39. Алматы қаласының № 17 МБЖСМ
  40. «Алматы» спорт клубы
  41. Қ. Ахметов атындағы олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты
  42. ЖШС «Кайрат ФК»
  43. ЖШС «Жас-кыран»
  44. Алматы қаласының көгалдағы хоккей федерациясы
  45. Республикалық спорт колледжі
  46. Алматы қаласының қазақ күрес клубы
  47. Алматы қаласының ЖШС «Дәстүрлі каратэ мектебі»
  48. Алматы қаласының самбо федерациясы
  49. Алматы қаласының олимпиада резервін дайындау орталығы
Close