Спорттық ойындар кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедрада дене шынықтыру және спорт, жоғары жетістіктер спортын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізіледі. Кафедраның ПОҚ жыл сайын халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады, зерттеу нәтижелерін “ДШ теориясы мен әдістемесі” журналында және басқа да республикалық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында жариялайды. Зерттеу нәтижелері оқу материалдарын, дәрістер курстарын, семинарларды, тестілік және емтихан сұрақтарын жетілдіру үшін, студенттер мен магистранттармен практикалық, әдістемелік және семинарлық сабақтарда қолданылады.

Спорттық ойындар кафедрасының ҒЗЖ нәтижелері бапкерлердің құрама командаларына енгізіледі; мектептерде дене шынықтыру және АӘД мұғалімдерінің оқу-әдістемелік жұмыстарын өткізу кезінде.

Кафедра 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап спорт ойындарында дайындықтың әр түрлі кезеңдерінде кешенді бақылауды жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс істейді. ҒЗЖ сипаты: теориялық және эксперименталды зерттеулер, практикалық тәжірибені жалпылау, есеп құрастыру, жаттығу процесінде қолдану. Жұмыс жүргізу тәртібі: эксперименттік және бақылау топтарын құру; педагогикалық эксперименттер жүргізу; шұғылданушылардың морфофункционалды көрсеткіштерін зерттеу; ғылыми деректерді өңдеу және зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми мақалалар жазу.

Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттер ҚазСТА-ның ғылыми-практикалық конференцияларына, Республикалық және халықаралық ғылыми байқауларға қатысады.

 

Close