МЕДИАЦЕНТР
Жалпы ақпарат
Академияның қоғаммен және БАҚ-пен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды дайындауға және университет негізінде әрекет ететін шығармашылық ұжымдардың қызметін үйлестіреді. Сонымен қатар, басқа құрылымдық бөлімдермен бірге оқу орнының қызметі туралы стратегиялық ақпараттық-жарнамалық мәліметтерді әзірлеу мен жекелеген іс-шараларды өткізуге қатысады. Медиа- орталық өз қызметінде Академияның алдағы жылдарға жоспарланған даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, Қазақ спорт және туризм академиясының Жарғыларын басшылыққа алады. Медиа орталықтың мақсаты – академияның жағымды имиджін және бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру.
Медиорталықтың негізгі міндеттері
– Академия имиджін арттыру мақсатында тың идеялар мен бастамалар көтеру және жүзеге асыру;
– Академияның факультеттері мен құрылымдарының БАҚ-пен байланысын үйлестіру;
– журналистермен және редакциялармен іскерлік қарым-қатынас орнату;
– БАҚ арқылы қоғамда Қазақ спорт және туризм туралы жағымды имидж қалыптастыру;
– Академияның әлеуметтік желілердегі ақпараттық қызметін үйлестіру және жүйелі түрде бақылау;
– Академияның білім беру, ғылыми және мәдени қызметімен байланысты шараларды БАҚ-та жариялауды ұйымдастыру;
– Академияның ресми интернет ресурсының ақпараттық контентін үздксіз жаңарту;
– Академия деңгейінде өтетін концерт-театрландырылған іс-шараларды ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жүйесін жасау;
– мәдениет және өнер саласындағы жоғары білім беру мекемелері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту;
– таяу және алыс шетелдердегі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас жасау бағдарламасын әзірлеу;
– редакциялық-баспа бөлімінің қызметін жоспарлау және үйлестіру.
– Отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференциялар, брифингтер, сұхбаттар мен кездесулер ұйымдастыру;
– Спичрайтинг;
– Академияның жағымды беделін қалыптастыруға бағытталған PR-кампанияларды әзірлеу және жүзеге асыру;
– Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің мекеме туралы қызметтік сұрақтарына мазмұнды әрі нақты жауап беру;
– Академия басшыларының БАҚ-та сұхбаттары мен авторлық мақалаларын ұйымдастыру;
– Іс-шараларды кәсіби және сапалы фото, бейне түсіріліммен қамтамасыз ету.