МАГИСТРАТУРА

Қазақ спорт және туризм академиясы мамандарды дайындауда заманауи үшсатылы   жүйеге «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» өтті. ҚазСТА магистратурасы 1999 жылы ашылды, бүгінгі күні академияда «Дене шынықтыру және спорт» және «Туризм» мамандықтары бойынша дайындық жүріп жатыр. Магистратураның  оқу бағдарламалары дайындықтың екі бағыттары бойынша жүзеге асырылады: профильдік, ғылыми және педагогикалық.

Ғылыми және педагогикалық магистратура тереңдетілген ғылыми-педагогикалық дайындыққа ие, жоғары, оқу орнынан кейінгі білім беру және  ғылыми-зерттеу секторы жүйесі үшін мамандарды даярлау бағдарламаларын іске асырады.

Профильдік  магистратура  білім беру бағдарламалары кәсіби менеджерлерді басқарушы дағдыларын дамытуға және  дайындықтарын қамтамасыз етуге    бағытталған (барлық басқарудың аспектілерін басқаратын жалпы профильдік басшылар).

Магистратураның білім бағдарламасының құрылымы білім сипатын анықтайтын, практика, оқу және ғылыми жұмыстардың әр түрінен қалыптасады.

Білім беру бағдарламаларын іске асырудың нормативтік ұзақтығы

– ғылыми және педагогикалық магистратура  2 жыл;

– профильдік магистратура 1 жыл.

Магистратурада оқу тек күндізгі оқу түрінде өтеді.

ҚазСТА магистранттары үшін жыл сайын шетел ғалымдары келіп дәріс оқиды.   Академияның  халықаралық байланыстарының арқасында ҚазСТА магистранттары шетелдің жоо тағылымдамадан өтуге  мүмкіндігі бар.