Спорт ойындары кафедрасының тарихы

Кафедраның тарихы 1945 жылдан Қазақтың дене тәрбиесі мәдениеті институты  құрылғаннан басталады және сол кезде дене тәрбиесі факультеті құрылды.

Қазақстанда дене шынықтыру және спортты дамыту үшін «Дене мәдениеті» мамандығы «Дене шынықтыру мұғалімі, жаттықтырушы» мамандығымен алғышарттар жасалды.

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласында мамандардың жетіспеушілігін ескере отырып спорттық ойындар кафедрасы құрылды.

Соғыстан кейінгі қиын жылдарда да баскетбол, волейбол, футбол, бойынша спорттық ойындардан мұғалім және жаттықтырушы-оқытушы мамандықтарынан мамандарды даярлау іске асып жатты.

Спорттық – педагогикалық шеберлікті тану және жетілдірудегіжаңа әрі қиын істегі алғашқы қадамдарды институттың барлық ұжымымен бірге кафедраның профессорлар мен оқытушылар құрамыда жасады.

Кафедра алғашқы күннен бастап спорттық ойындардан Қазақстанның құрама командаларын қалыптастырып, студенттерді білікті тәлім-тәрбиеге үйрете бастады.

Сол жылдары, күн сайын 28-панфиловшылар саябағында орналасқан волейбол алаңдарында оқу-жаттығу сабақтары өтті.

Баскетбол мен волейболдың құрама команда шеберлерінің жаттығуы және жарыстары өткен кезде, мыңдаған көрермендер жиналатын.

1945-1967 жылдарда Қазақстанның спорт ойындары бойынша керемет шебер спортшылар шықты Платонов В., Мұхамеджанов В., Ахтаев У., Алачачян , Поздняков В., Никишин А., Анисимов В., Щербаков Л., Джаркешов З., Саурамбаев Ж., Гончаров Г., Кравченко В., Кассин В., Портной А., Махмудов Д., Маденов М., Джарылқапов О., Иманғалиев И., Рагозин Н.М., және Қазақстанның ауылдық жерлерінен де көптеген спортшылар шықты.

Осы жылдары кафедраны Яшкичев А.И. басқарды – керемет маман, іскер ұйымдастырушы, педагогтың спорттық қозғалысына берілген адам болатын. Кафедрада ең үздік мамандар: жаттықтырушы – педагогтар Ильющенко К.В., Нелидов В.И., Горбашов А.Н., Васильев В.И., Платонов В., Джарылқапов О.К., Косолапов Ю.Н., Кудашов В.А., Хван М.У., Бухвалов Ю.Н., Байбулов К.Д., Межов А.А., Кузнецов М.Н., Посаженников Г.М., Льонтьева Л.П., Исаева Н.С., Рагозин Н.М., Ахметжанов Т.А. жұмыс істеді.

Кафедра дамып жатқан спорттық оқиғалардың ортасында жүрді, өз қызметінің барлық аспектілері дамыды, жетілді, кафедраның түлектері, спортшылары, жаттықтырушылары жоғары жетістіктерге жетті. Волейболдан ҚазКСР ерлер құрама командасы 1969 жылы КСРО Жеңімпазы атанды, 1970, 1971 жылдары Европа Жеңімпаздар Кубогінің иегері болды. ҚазДТМИ студенттері мен түлектері спорттық ойын түрлерінен ҚазКСР құрама командасының базалық негізін құрайды. Волейболдан әйелдер құрама командасы КСРО-ның ең үздік командасы болды, көптеген халықаралық жарыстарға қатысып, КСРО жеңімпаздары атанды.

ҚазКСР баскетболдан ерлер және әйелдер командалары жоғары лига жарыстарында және жыл сайынғы КСРО біріншіліктерінде, КСРО халықтарының спартакиадаларында жүлделі орындарға ие болды.

Кафедраның жұмыс істей бастаған кезінен бастап Қазақстанның мақтанышына айналған көптеген жоғары білікті мамандарды дайындады. Кафедраның түлектері арасында 9 КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 46 Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 8 әлемдік біріншіліктің жеңімпаздары, 6 Олимпиада жүлде иегерлері мен жеңімпаздары, 11 Европа жеңімпазы, 25 КСРО Кубогінің иегерлері, 14 Чемпионаттар, Европа Кубогінің иегерлері, 14 спорттың еңбек сіңірген шеберлері, 56 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

Институттың спорттық ойындар кафедрасының құрамына: конькимен сырғанау, велосипед спорты және мәнерлеп сырғанау кірді.

1945/47 ж.ж. оқытушылар құрамы еліміздің орталық ЖОО түлектерімен толықты: А.И.Яшкичев, Г.Д. Иконников, Г.П. Денисова, Л.П. Леонтьева.

Кафедраның кейбір жылдарында Н.А.Мацко., М.У.Хван., Г.Востоков, Б. Дмитриев, К. Д.Байбулов., М.Кузнецов., И.Попов., п.ғ.к. В.Янчук, п.ғ.к. Г.Панов, сияқты жетекші спортшылар мен педагогтар жұмыс істеді.

1947 спорттың үлкен кафедрасы өнеркәсіптік қажеттілікке байланысты екі кафедраға: велоконькимен жарысу спорты, баскетбол, гандбол, футбол және хоккейге бөлінді.

1960 жылға дейін Қазақстанның волейболшылары жоғары жетістікке жетпеді.

О.Жарылқаповтың институтқа жұмысқа келуімен ерлер командасының құрамы Л.Щербаков, В.Кассин, И.Иманғалиев, Д.Махмутов, В.Дьяков, Ж.Саурамбаевтармен толықты, жәнеде халықаралық жарыстар мен Кеңестер Одағының біріншіліктерінде, студенттік волейболдарда ерекше көзге түсті.

Алматы қаласында республика комсомолының 40 жылдығына раналған турнирде, 1961 жылы «Буревестник»ерлер командасы 1 орынға ие болды және ойыншылар КСРО спорт шебері атағын алу құқығына ие болды. Атақ: Л.Щербаков, Е.Акунов, Д.Махмутов, В.Кассин, Ж.Саурамбаев, В.Дьяковқа берілді.

1962 жылы Харьковтегі бүкілодақтық студенттік ойындарда әйелдер командасы  II орынға, ерлер IV орынға ие болды. Команда жаттықтырушылары – К.Ильющенко, О.Джарылқапов.

1970 жыл – еліміздің чемпионатында команда күміс медальмен марапатталды, сол жылы волейбол тарихында клуб командаларына арналған – Европа чемпиондарының кубогінде жоғары спорттық трофейге ие болды.

1971 жылы КСРО Халықтары Спартакиадасы мен еліміздің біріншілігінде жүлделі үшінші орынға және Европачемпиондары Кубогінде екінші рет жеңіске жетті.

Европа чемпиондары Кубогінде табысты ойнағаны үшін аға жаттықтырушы З.Жаркешовке еліміздің Еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы берілді, Ж.Саурамбаевқа – еңбек сіңірген спорт шебері, Г.Гончаровқа, А.Партнойға, Н.Рогозинге – халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. Бір жылдан кейін институт түлектері ағайынды Виталий және Вячеслав Шапрандарға халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.

1959 жылы кафедраға 1955 жылғы түлек, шеберлердің футбол командасында көп жыл ойнаған А.А.Межов қабылданды, ал 1960 жылы кафедраға допты хоккейдің «А» кластағы ойыншысы К.Д.Байболовты қалдырды.

Үлкен еңбегі және жұмыс істеу талабының арқасында Байболов хоккейден атақты жаттықтырушы болды.

Байболовтың кафедрасында аға оқытушы И.М.Гилев, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы М.С. Кузнецов, А.А.Межов, А.М.Глушков, және оқытушылар В.В. Корякин, В.И.Островерхов жұмыс істеді.

Футбол және хоккей кафедрасы 1969 жылы спорттық ойындар кафедрасынан бөлініп шықты. Футбол және хоккей кафедрасының әр жылдардағы меңгерушілері: К.Д.Байбулов, А.А.Межов, И.М.Гилев, К.И.Адамбеков, С.Г.Нуржанов.

1976 жылы баскетбол және гандбол кафедрасы В.И.Нелидовтың басшылығымен бөлініп шықты. 1982-1984 ж.ж. п.ғ.к. Ахметжанов Т.А.; 1984-1992 ж.ж. – п.ғ.к. И.А.Горбашев, кейін оқу ісінің проректоры қызметіне ауысты; 1992 – 1994 ж.ж. – Ю.Н.Косолапов; 1994-1998 ж.ж. – Амренова Г.Р., содан кейін дене шынықтыру факультетінің деканы болды; 1998 – 1999 ж.ж. М.З.Есқалиев кафедра меңгерушісі болды.

2001 ж.спорттық ойындар кафедрасы спортық ойындардың барлығын біріктірді. (баскетбол, гандбол, волейбол, футбол, регби, теннис, гольф, бильярд) және қозғалыс ойындары кафедрасын профессор Рагозин Н.М. басқарды.

ҚазСТА қайта құруына байланысты спорттық ойындар кафедрасы 2009-2011 ж.ж. екі кафедраға бөлінді: спорттық ойындар – И.Ф.Андрющищин, содан кейін И.Н.Пресняков (2008-2012), ал футбол және хоккей кафедрасын М.З.Есқалиев басқарды.

Қазір кафедра қайта біріктіріліп – спорттық ойындар кафедрасы деп аталады.

Кафедра студенттерді «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша дайындайды: футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, регби, шайбалы хоккей, көгалдағы хоккей, үлкен теннис, үстел теннисі, бильярд, гольф: оқу түрлері: күндізгі, сырттай, екінші жоғарғы білім.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамын таңдауда жоғары талаптарды сақтады, қазіргі уақытта кафедрада кафедра меңгерушісі қызмет атқарады. кафедра PhD докторы, Зауренбеков Б. З., п.ғ.к., доцент КазАСТ  Ескалиев М.З., п.ғ.д., профессор Доскараев Б.М., б.ғ.д.., профессор Кудашова Л.Р., б.ғ.к., ЗТРК Хван М.У., КСРО ЕСЖ., профессор КазАСТ Юмашев Ш.К., б.ғ.к., профессор КазАСТ  Пресняков И.Н., ҚРЕССШ, ҚазСТА доценті   Кефер Н.Э., ҚазСТА доценті Соломеев С.А., п.ғ.к., ҚазСТА профессоры  Дускаева Н.С., э.ғ.к., Клещенко Г.Д., ҚРЕСЖ Андреющкин И.Л., ҚРЕСЖ Ильющенко А.К., PhD докторы, Жунисбек Д.Н., PhD докторы, Ахметкарим М., ФИФА төресшісі Донде В.И., аға оқытушылар Саутов Р.Т., Шанкулов Е.Т., Бауыржан Ж., Алимбетов К.К., Одинцов А.В., Джарболова С.И., Молдахан К., Искакова А.М., Малдыбаев Р.О., Абеков Р.Б., Хомяков О.А.,  жас магистрлер Саттарова А.А., Зейнолда А.М., Токтарбай Ж., Мергенбаев А., Төленді М.

ҚазСТА спорттық ойындар кафедрасы спорттық ойын пәндері бойынша теориялық курстарды жоғары дәрежеде оқытуға байланысты, мәселелерді жетілдіру жұмыстарын алға қойып, студенттердің жоғары кәсіби және спорттық жетістіктерге жету үшін оқу-жаттығу сабақтарын сапалы өткізуге ерекше көңіл бөледі.

Close