ДОКТОРАНТУРА

ҚазСТА  PhD докторантурасы 2010 жылы ашылды, бүгінгі күні академияда «Денешынықтыру және спорт» және «Туризм» мамандықтары бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

2011 жылы ҚР  «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша PhD докторанттарын қабылдау болды, 2015 ж. ҚазСТА «Туризм» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша PhD докторанттарын қабылдады.

Қазіргі кезде   PhD докторантурада ғылыми мамандарды дайындау  3 жылдық мерзімде күндізгі бөлімде іске асады.

Академия  докторанттары  ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін Еуропа, Ресей және Украинаның ғылыми-зерттеу орталықтарына сапар шегеді.

PhD докторантурасының білім беру бағдарламасы – бұл бірыңғай кредиттік жүйеде оқытуды таратылатын, «бакалавр – магистр – философия докторы» мамандарын дайындайтын үшдеңгейлік жүйе  бойынша кәсіптік білім алудың соңғы деңгейі.

PhD докторантуры білім беру бағдарламаларының мақсаты – отандық, сонымен қатар әлемдік еңбек нарықында бәсекелестікке қабілетті, жоғары білікті ғылыми мамандарды даярлау.