Дене шынықтыру және спорттың теориялық негіздері кафедрасының тәрбие жұмысы

Кафедраның профессор-оқытушылары академияның түрлі іс-шараларына белсенді қатысады.Кафедра теориялық, базалық пәндерді оқытуды жүзеге асыратындықтан пәндер бойынша білімдерді тереңдету мақсатында тақырыптық шеберлік-сыныптар, тренинг-семинарлар, спорт шеберлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіп отырады.

Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасының профессор-оқытушылары жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерімен және студенттермен біргеАлматы қаласы білім басқармасының “Әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы “Жастар Үйі” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, мектептермен қайырымдылық бағыттағы іс-шараларды бірлесе ұйымдастырып, студенттердің бойында рухани-адамгершілік, патриоттық сезімді дамыту мақсатында іс-шаралар өткізеді.

Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамы салауатты өмір салтын берік ұстану бастамасымен бос уақытты тиімді ұйымдастыру іс-шараларына белсене атсалыса

Close