Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының тәрбие жұмысы

Кафедраның  тәрбие жұмысы Олимпиадалық спорт факультетінің деканы бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі. Студент жастарға адамгершілік, құқықтық  мәдениет,  интернационализм мен патриотизмге  және төзімділікке тәрбиелеуге  ерекше көңіл бөлінеді.

Бұған Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, саясаттану, әлеуметтану, философия, мәдениет және дін сияқты пәндер ықпал етеді.  Мысалы, 2018 жылдың қазан айында кафедраның аға оқытушылары Винокурова Е.И., Тебегенова Э.Т «Мәдениет және дін» пәні аясында «конфессияаралық келісім және мәдениет»  тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ағымдағы жылдың қазан айында Академия ұжымының ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауына арналған ҚР вице-министрімен кездесу өтті. Сонымен қатар, Жолдауға байланысты кафедра оқытушылары студенттер бірлесе отырып, «дөңгелек үстел» өткізді.

Қазан айында кафедра доценті С. В. Адерихин ВЛКСМ-ның  құрылуының 100 жылдығына арналған кафедра оқытушылары мен барлық мамандықтардың 1 және 2 курс  студенттерінің қатысуымен «дөңгелек үстел»  өткізді.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы үшін  жыл сайын қараша айында «Бүкіләлемдік философия күніне»  арналған «Философия апталығын» өткізу дәстүрге айналды. Осы апталықтың іс-шаралары шеңберінде  Адерихин С.В.  студенттер арасында қабырға газеттерінің байқауын  ұйымдастырды. Байқауға Олимпиадалық  спорт және Туризм факультетінің орыс бөлімінің бірінші және екінші курс студенттері қатысты. Қабырға газеті сайысының қазылар алқасы құрамында оқытушылар С.В. Адерихин, Е.И. Винокурова және кафедра меңгерушісі А.Т.  Агелеуова  үздік жұмыстарды анықтады.

1 орын – Н. Ниязова(ОСФ 1-11);

2 орын – Т. Ещенко, Г. Якупова,З. Тохтахунова (МІҚБ1-2);

3 орын – А. Жарманова, Т. Мельникова, А.Алибекова (ТФ1-2).

Қараша айында ҚарМУ Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Мен – Қазақстандықпын» атты Республикалық эссе конкурсын ұйымдастырды. ӘГП кафедрасының оқытушылары К.Н. Жанғанатова, С.Л. Князбаева, К.Ж. Додаева осы байқауға қатысуға 9 студент дайындады. Байқау қорытындысы бойынша екі студент – Бекен Әділ (ОСФ 1-3) К.Ж. Додаеваның жетекшілігімен, Абиров Сұлтанбек (КСжЖЖФ 1-3) Жанғанатова К. Н. жетекшілігімен III дәрежелі дипломды иеленді.

2018 ж. қараша айында кафедраның ПОҚ  Е. И. Винокурова, А. Т. Агелеуова «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес» күніне арналған эссе байқауын ұйымдастырды. Байқауға Туризм факультетінің орыс бөлімінің 2 курс студенттері қатысты. Байқауға 25 жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасы ең үздік деп анықтады:

1 орын – Алдыбаева А. (ТФ 2-2);

2 орын – Меликова Д. (МІҚБ2-2);

3 орын- Тұрғанбаева С. (ТФ 2-2), Айтхожин Т. (МІҚБ 2-2).

2018 жылдың 21 қарашасында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарыққа шықты. ӘГП кафедрасының оқытушылары К.Н. Жанғанатова, Н.К. Казманов, Э.Т. Тебегеновалар  аталмыш мақалаға байланысты өз ойларын Академияның сайтында және әлеуметтік желілерде жариялады.

2018 жылдың 19-25 қарашасы аралығында ӘГП кафедрасы Академияның кестесіне сәйкес студенттік жатақханада кезекшіліктерін өткізді. Кезекшілік барысында кафедра оқытушылары студенттермен өзекті қоғамдық-саяси тақырыптарға, салауатты өмір салты туралы әңгімелер жүргізді. Атап айтқанда, кафедраның аға оқытушысы К.Н. Жанғанатова  Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын студент жастарға әңгімелеп берді.

2018 жылдың қараша айының соңында ӘГП  кафедрасы «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында V сырттай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

3 желтоқсан 2018 ж. ӘГП кафедрасының меңгерушісі А.Т. Агелеуова  1-желтоқсан адам құқықтары күніне, БҰҰ Бас Ассамблеясының адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясының  қабылдануының 70 жылдығына орай 2 курс студенттеріне «Адам құқығы» тақырыбында дәріс ұйымдастырды.

Осы жылдың желтоқсан айында кафедраның аға оқытушысы К.Н.  Жанғанатова 1 курс  студенттері  арасында «Ұлы даланың жеті қыры»  атты ҚР Президентінің мақаласына арнап  буклеттер сайысын  өткізді. Сайысқа 9 топ қатысты, олардың ішінен қазылар алқасы келесі орындарды анықтады:

1 орын – Даген Фариза (КСжЖЖФ 1-2);

2 орын – Ғалым Жазира (КСжЖЖФ1-4);

3 орын – Бимахан Салтанат (КСжЖЖФ1-6).

2018 жылдың желтоқсан айында доцент З.М. Самалдыкова «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне»  арналған «дөңгелек үстел»  өткізді. «Дөңгелек үстелге» ОСФ мен КСжЖЖФ факультеттерінің  2 курс студенттері қатысты. Студенттер баяндама жасап, пікірталастар өткізіп, қабырға газеттерін дайындады. Сонымен қатар, осы іс-шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында қабырға газеттерінің байқауы өткізілді.

2018 жылдың желтоқсан айында кафедра доценті С.В. Адерихин ҚР Тәуелсіздік күніне орай студенттер арасында әңгіме өткізді.

Жыл бойы кафедра оқытушылары академия студенттерінің оқу ақысын бақылау бойынша эдвайзерлерлік қызметін атқарды. Әр оқытушыға осы факультеттің бес студенті бекітіліп, әр оқу аптасының соңында есеп берілді.Қазан айында кафедра доценті С. В. Адерихин ВЛКЖО құрылуының 100 жылдығына арналған кафедра оқытушылары мен барлық мамандықтардың 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен “дөңгелек үстел” өткізді.

262462342er

1-сурет. Философия күніне арналған қабырға газеттерінің байқауы (қараша 2018 ж.)

72342745er

2-сурет. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында қабырға газеттері байқауы (желтоқсан 2018 ж.)

4262356246er

25223415143er

3-сурет. Комсомолдың 100 жылдығына арналған”дөңгелек үстел” кездесуі  (қазан 2018 г.)

25136235er

4-сурет. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру (қазан,2018ж.) 

352462434135er

5-сурет. “Ұлы даланың жеті қыры” атты буклеттер сайысы (желтоқсан 2018 ж.)

Close