БАКАЛАВРИАТ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ

Біздің мекен-жайымыз:

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ 

050022    Алматы қаласы   Абая даңғылы 85/105

тел.: +7(727)292-38-21, факс: +7(727)292-68-05

E—mail: kazast.priem@mail.ru

Сайт: www.kazast.kz

 

 

 

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

ҚазСТАға оқуға түсудің төрт себебі:

 

  1. Спорт және туризм – бұл бүкіл әлем!
  2. Әлемді танығың келе ме – ҚазСТАға оқуға түсте бүкіл әлемге саяхат жаса!
  3. Біздің өндіріс практикамыз әлем елдері бойынша!
  4. Әлемдегі ең құндылық-бұл адам өмірі. Біз ұзақ және бақытты өмір сүруге үйретеміз!

 

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

Егер сіз денешынықтыру және спорт, туризм, мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі саласында сапалы білім және кәсіби табысқа жеткіңіз келсе Қазақстанның ең үздік жоо- Қазақ спорт және туризм академиясына түсіңіз!  20015 жылы спорт университетінің Халықаралық федерациясы(FISU)  «Әлемдегі ең үздік университет» атағы берілді.

ҚазСТА үздіксіз білім береді: колледж-бакалавриат-магистратура-докторантура PhD.

Бізде жоғары спорт және туризм саласындағы жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы, тәжірибелі педагог-жаттықтырушылар, танымал ғылыми-зерттеушілер жұмыс істейді. Академияда спорт және туризмнің ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді. Академия әлемнің 32 елімен   58  ЖОО-әріптестерімен халықаралық келісімдерге қол қойды.

Біздің Қапшағайдағы су спорттық база,  спорттық залдар, бокс, күрес, гимнастика, жеңіл атлетика және фитнес залдары, жүзу бассейні, футбол алаңы, тауға өрмелеу, қонақ үй, Талғар ауданындағы тау базасы академияның болашақ студенттеріне арналған.

БАКАЛАВРИАТ

5В010800 – «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» білім беру бағдарламасы (мамандығы)

Оқыту жаңа білім беру траекториялары бойынша жүргізіледі:

1. Дене шынықтыру және жоғары жетістіктер спорты.   4. Дене шынықтыру. Күзет қызметі.
2. Дене шынықтыру және спорттық психология.   5. Дене шынықтыру. Спорттық менеджмент.
3. Дене шынықтыру. Денсаулық менеджменті.   6. Дене шынықтыру және спорттық журналистика.

 

Олимпиялық спорт факультеті (ОСФ) тел.: +7(727) 292-24-21

Мамандандыру: баскетбол, үлкен теннис, волейбол, гандбол, регби, футбол, хоккей, биатлон, велоспорт, бильярд, семсерлесу, сырғымен жүгіру спорты, шаңғы спорты, мәнерлеп сырғанау, ату спорты, жеңіл атлетика, ЕДШ және массаж, жүзу, спорттық және көркем гимнастика, спорттық акробатика, фитнес сияқты спорт түрлері бойынша жүзеге асырылады.

 

Кәсіби спорт және жекпе-жектер факультеті (КСжЖЖФ) тел.: +7(727) 292-78-29

Мамандандыру: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, бүркітші, ат спорты, айкидо, кикбоксинг, каратэ, спорттық ушу, таэквондо, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, самбо, бокс, ауыр атлетика, қоян-қолтық ұрыс, армрестлинг (қол күресі), пауэрлифтинг, тай боксы сияқты спорт түрлері бойынша жүзеге асырылады.

 

5В090200 – «ТУРИЗМ» білім беру бағдарламасы (мамандығы)

Оқыту жаңа білім беру траекториялары бойынша жүргізіледі:

  1. Халықаралық туризм: туризм және бизнес индустриясы.
  2. Спорттық және емдеу-сауықтыру туризмі.

 

5В091200 – «МЕЙРАМХАНА ІСІ  ЖӘНЕ МЕЙМАНХАНА БИЗНЕСІ» білім беру бағдарламасы (мамандығы)  

 

ҚазСТА келешегін туризм индустриясымен байланыстырғысы келетін жастар мен дарындыларға өз мейрамханасы мен қонақүйін ашуға мүмкіндік береді.

Туризм факультеті студенттерінің Алматы қаласында, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерде мейрамханалар мен қонақүйлерде тәжірибеден өту мүмкіндігі бар.

Туризм факультеті (ТФ) тел.: +7(727) 292-14-81

Қабылдау комиссиясына қажетті құжаттар:

  1. Орта білім туралы құжат (түпнұсқа).

2.ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты (КТ).

  1. Медициналық анықтама (086-У формасы).
  2. Флюорография (суреттің түпнұсқасы).
  3. Жеке куәлік көшірмесі 6 дана.
  4. 3х4 -8 дана фотосурет.
  5. Халықаралық және республикалық деңгейдегі дипломдар.

Біздің мекен-жайымыз:

Қазақ спорт және туризм академиясы

050022   Алматы қ.,   Абай даңғылы 85

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ

Телефон: 8 (727) 292-38-21

 

ДЕКАНАТТАР

Туризм 8 (727) 292-14-81

ОС 8Ф (727) 292-24-21

КСжЖЖФ 8 (727) 292-78-29

Сайт: www.kazast.kz