Извините за временные неудобства,Сайт kazast.kz находиться на реконструкции

АРХИВ

ЖЫР-МҮШӘЙРАсы ӨТТІ

      2019 жылдың 10 сәуірінде «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының ұйымдастыурымен Қазақ спорт және туризм академиясының 75 жылдық мерейтойына орай және “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында «Ұлы даланы рухы биік, тәні сау ұрпақ қана ұлықтай алады» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

       Қалалық деңгейдегі дүбірлі жыр сайысына Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қайнар академиясының студенттері қатысты.  Аталмыш іс- шараның басты мақсаты- ел тәуелсіздігін жырлап, жастарға патриотизмді насихаттау, жастар арасында ақындық өнерді дәріптеп, жас ақындарға қолдау көрсету, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, халықтың мәдени-рухани аясын кеңейту болып табылады.

       Қазылар алқасының мүшесінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одақтарының мүшесі, баспагер, журналист, қаламы қарымды жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы, Жазушылар  одағының  мүшесі,  «Құрмет»  орденінің иегері, қарымды қаламгер, ақын,  әдебиет зерттеушісі, сыншы, аудармашы Қуанышбай Құрманғали, Қазақ спорт және туризм академиясының Бірінші проректоры – Басқару аппаратының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, әнші, актер Адырбай Абай болды.

        Сонымен, қалалық ақындардың жыр-мүшәйрасының қорытындысы бойынша бас жүлдені он үш ақынның арасынан суырылып Қазақ спорт және туризм академиясының 2 курс студенті Әбдіғаппар Бағдәулет жеңіп алды. Ал, бірінші орынды – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курс студенті Жаңабай Лаура Сағындыққызы, екінші орынды Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, 2 курс Нұржақып Шырын Алмазқызы, үшінші орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 1-курс студенті Абдрахман Арайлым Саматқызы иеленді. Бас жүлде және жүлделі І, ІІ, ІІІ орынға ие болған жас ақындар диплом, мақтау қағаздарымен, бағалы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

DSC_0111DSC_0107 DSC_0091

DSC_0126 DSC_0114

Статьи по Теме

Close