«Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына өз пікірім

       Аталмыш мақалада Елбасымыз Отан тарихына және тарихи процестерге жақсы пікір білдірді.Елбасымыз көрсеткендей, Ұлы даланың жеті кереметі – әлем тарихына едәуір септігін тигізді. Осы аталған кереметтерді шағын нұсқа түрде өз пікірім:

  1. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне қазақ даласынан тарағаны тарихтан белгілі. Соның дәлелі, Ботай қонысында жылқының қанқалары және жылқы бұйымдары табылған. Сол себеппен, жылқы – көшпелі өркениеттің символы болса, ал әлемге – технологиялық тұрғыда алғашқы жылдам транспорт болып келді. Сонымен қоса, біз ұмытпау керекпіз, жылқы –тек қана көлік қана емес, ол тағы өркениеттің локомотиві болды. Осы қасиетті жануарлардың арқасында, көшпелі қоғам көптеген жаңа жаңалықтар ашқанын бізге мәлім, олар: арба (ауыр заттарды алып жүретін алғашқы транспорт), доңғалақ (доңғалақтың пайда болуы – әлемнің тез арада алға басуы), әскери стратегиялық және тактикалық бағыттар (отты қаруға дейін көшпелілік әскери стратегиясы мықты болды. Дәлелі, Сақтар, Ғұндар, Сарматтар, Түрік мемлекеттері, Шыңғысхан империясы, Алтын Орда және т.б.), шалбар (ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді) және т.б.
    2. Екінші, үшінші және төртінші бөлімдеріне сүйенсек,ата-бабаларымыз металл өңдіруді жақсы қолға алғанын бізге мәлім. Әсіресе, алтыннан жасалған аңдық стиліндегі бұйымдар. Металлды игерген көшпелі халық, өнер дамуына әкелді. Бұрынғы металл бұйымдарды салыстырып көрсек, қазіргі шығарылған металл бұйымдары сапа жағынан еш айырмашылығы жоқ. Жалпы айтқанда, көшпелі халық өте мәдениетті, өте өнерлі және өте зергек болып келді. Соның дәлелі, әлемде аналогы жоқ жаңалық бұл Алтын адам. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.
  2. Түркі әлемі жаһан жаңалықтарға көп үлесін қосты. Соның ішіндегі, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан. Сонымен қатар, түркі әлемі Ұлы Жібек жолын транзиттік тұрғыда дамуына үлкен септігін тигізді.
  3. Алма және қызғалдақ Алатау баурайында пайда болды. Осы көк жаңалығы Ұлы Жібек жолы арқылы әлемге тарап, қазіргі жаһан қоғамы жақсылығын көруде. Жоғарыда аталған тарихи жаңалықтар қазақ деген ұлт әншейін еместігін көрсетеді. Осыған байланысты Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тарихқа оң бағасын беріп, рухани құндылығымыз нық басқанын айтуға болатынын сөзсіз.

Казманов Нурлан Куатович
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы