ҚазСТА-да Қабден Раxманқұлұлы Байдосовты еске арналған күрес фестивалі өтті

IMG_7495

       Қазақ спорт және туризм академиясында қазан айының 27-і күні XXI жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі Қабден Раxманқұлұлын еске алуға арналған күрес фестивалі болып өтті. Аталмыш шараға көршілес елді мекендерден Өзбекстан, Қырғыстан елдері де ат салысты. Өздерінің ең мықты деген палуандарымен келіп, үздікке бақ сынасты. ҚазСТА-ның спорттық-көрініс залында күрестің әр түрінен, яғни еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, самбо және қазақша күресінен палуандар өз өнерлерін ортаға салды. Айта кетейік, осы жылы фестиваль бағдарламасына белбеу күресі де енгізілген болатын. Спортшылар олимпиада жүйесі бойынша 60кг, 72кг және 90кг салмақ дәрежелерінде өздерінің мықтылығын дәлелдеді. 60, 72кг дәрежесі бойынша ҚазСТА студенттері  Тлеухор Рамазан (СШ) 4 курс және Абатбай Мағжан (СПҮ) 3 курс үздік атанды. 75кг салмақта өздерінің күштілігін дәлелдеген екі жыл қатарынан жеңмпаз атанған Куатай Арнур (ШС) 4 курс, күміс медальді еншілеген   Алтынбеков  Навруз К(СПҮ) 4 курс, 80кг салмақ  дәрежесінде Академия магистранты Абдикарим Болат (СШ) үздік атанды. Фестивалімізде 7 жыл бойы күрескен, 3 жыл қатарынан төрешілік етіп келе жатқан, қазақша күрес, дзюдо және самбодан спорт шебері, JIU jitsu-дан xалықаралық Аrlan Grip Selection чемионы Балтина Алтынай xанымды сөзге тартып көрдік.

Сіздің ойыңызша күрес фестивалі қандай деңгейде өтті?

— Жылдан жылға фестиваліміз көтеріліп, дамып келе жатыр. Өйткені, бұрын бізге тек Өзбекстан елі ғана келетін болса, биыл Қырғызстаннан қонақтарымыз келіп ат салысып жатыр. Жоғары дәрежелі спортшыларымыз да, Қазақстан біріншілігінің жүлдегерлері де өз үлестерін қосуда. Бұл деген жарыстың дәрежесін көтереді.

Біздің ҚазСТА спортшылары жоғары деңгейде күресе алды ма?

— Иа, біздің спортшыларымыз өз деңгейлерінде жақсы күресті. Бірақ, спорт болған соң кейбіреулер жақсы бабында келгенімен, жарыста өздерін көрсете алмай жатады. Ондай жағдайлар спортта көп кездесіп тұрады.

Күрестің қас шебері ретінде келешек жас спортшыларға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?

— Болашақ жасөспірімдерге спортпен шұғылданыңыздар дегім келеді. Спорт деген — ол адамның өміріне айналуы керек. Мысалы, спорт ол мен үшін -бәрі, менің өмірім, он бес жылға созылған ең бақытты кездерім. Өскелең жас ұрпақтарға айтарым шаршамаңыздар, еңбектеніңіздер. Ел көріңіздер, жер көріңіздер. Қажымай, талмай еңбектеніңіздер! Елімізді асқақтата беріңіздер! Барлық үміт сіздерде, жастар!

IMG_7215IMG_7220 IMG_7228IMG_7230 IMG_7310IMG_7324 IMG_7376IMG_7389 IMG_7433IMG_7446 IMG_7495IMG_7158-2 IMG_7163-2IMG_7165 IMG_7202IMG_7239 IMG_7280IMG_7151 IMG_7157