Извините за временные неудобства,Сайт kazast.kz находиться на реконструкции

АРХИВ

«Студенттік өмір — көтеріңкі көңіл» атты факультетаралық КВН жарысы өтті

     2018 жылдың 25 қазан күні Қазақ спорт және туризм академиясының акт залында Факультет аралық Жайдарман ойындары өтті. Өмірдің ең тамаша кезеңі – студенттік шақ. Осы жастықтың жайма-шуақ кезеңін бастан өткеріп жүрген жалынды жастар жарысқа ерекше дайындықпен келгенін ә дегеннен-ақ аңғартты. Бұл жолы әр факультеттен құралған 8 команда қатысып, оның ішінде  Академиямыздың «Мұғалімдер» құрамасы да болды. Білімімен мойындатып, шешендігімен, тапқырлығымен көзге түскен, өнерімен көрерменнің таңдайын қақтырған Олимпиадалық спорт факультетінің студенттері жеңімпаз атанды.  Команда мүшелері алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Ал жүлделі ІІ, ІІІ орынды «Туризм» факультетінің студенттері иеленді. «Үздік ойыншы қыз» номинациясын Туризм факультетінің 1 курс студенті Алибекова Асель, «Үздік ойыншы ұл» номинациясын Кәсіпқой спорт және жекпе-жек факультетінің талантты студенттерінен құралған «ФПСиЕ» командасының ойыншысы Бексұлтан иеленсе, «Үздік хабарлаушы» номинациясын Олимпиадалық спорт факультетінің 3 курс студенті Дуйсенова Арайлым иеленді. Әділ-қазылар құрамында танымал әнші Серік Ибрагимов, талантты актриса Мадина Оспан, тележүргізуші, продюссер Анель Алиасқар және Алматы Жайдарман филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов отырды. Сонымен қатар,  «Loft cafe» мейрамханасы, «Sport Lider» спорт дүкені, «Almaty Rolls» суши орталығы, Ағылшын тілін оқыту орталығы, «Квартира» плестейшн ойын орталығы, «Bizhanov» фотостудиясы Факультет аралық «Жайдарман» ойынымыздың өз деңгейінде жақсы өтуіне демеушілік көрсетіп, студенттерімізді ынталандыруға өздерінің қолдауларын көрсетті.

DSC_0400 DSC_0401 DSC_0403 DSC_0405 DSC_0408 DSC_0313 DSC_0314 DSC_0315 DSC_0316 DSC_0317 DSC_0321 DSC_0325 (3) DSC_0395 DSC_0398 DSC_0400 (1)

 

Статьи по Теме

Close