Көкпар – ұлттық құндылық!

DSC_1411-e1540358160375 - копия

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар Көкпар лигасы» мен ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен ұлттық спортымызды дамыту мақсатында «JKL PROFI 3×3» форматында кәсіби көкпар командалары арасында тартысты көкпар ойыны өтті.

DSC_0137 DSC_0123 (1)
Аталмыш тартысты ойынды тамашалауға ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов, Түркі дүниесі Журналистер федерациясының президенті Мендерес Демир мырза мен түрік делегациясы, «Жастар Көкпар лига» кеңесінің президенті Данияр Дәукей, Қазақ спорт туризм академиясының Бірінші проректоры Мұхтар Зайнолдаұлы Есқалиев және ұлттық спортымыздың жанашырлары жиналды.
Биылғы көкпардың артықшылығы мұнда тек қана студенттерден құралған командалар емес, сонымен қатар кәсіби көкпар командалары да қатысты. Тартысты доданы салтанатты түрде ашып берген ҚазҰУ ректоры ұлттық спортымызды қолдауға келген көпшілік қауымға өз алғысын білдірді. Одан кейін сөз алған Академияның Бірінші проректоры: «Осынау ұлан-ғайыр кең даланы ата-бабаларымыз білектің күшімен найзаның ұшымен сақтап қалғаны баршамызға ақиқат. Сайын даланы жаудан аман сақтау үшін жауынгер де астындағы тұлпар да бабында болып, жігерлі болуы үшін осы көкпар ойынын өткізіп тұрған. Сондықтан да мұнда тек ғана ойын емес үлкен мән-мағына, ұрпаққа деген тәлім-тәрбие жатыр. Көкпар ол біздің рухани құндылығымыз, осы орайда ұлттық спортымыздың жанашырына айналған, жастарға қолдау көрсетіп келе жатқан Данияр Дәукей мырзаға айтар алғысымыз шексіз. Ұлттық құндылық ол ұлттың мызғымас байлығы, ендеше осынау асыл мұрамызды сіз бен біз болып жаңғыртуға атсалысайық», – деді М.З. Есқалиев.
Жалпы «JKL PROFI 3×3» форматы көкпарды қалалық жерлерде дамытуға өте оңтайлы формат болып саналады. Яғни бұл форматта ойын өткізу алаң аумағының кіші және көкпаршылар санының аздығын кедергі санамайды, бұл формат елімізде кең таралуда.

         Тартысты додада ҚазСТА құрама командасы бар күштерін салып, көрермен қауымға ерекше аламан ойын көрсете білді. Команда құрамында өнер көрсеткен Мейіржан Мәтжан бастаған топ Академия намысын қолдан бермей жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Тартысты ойында ақтық мəреге жетіп жеңісті «Алмалы» көкпар құрама командасы олжалады. Ал 2-орынды Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері еншілесе, 3-орын Қазақ спорт туризм академиясы мен «Астана» құрама командасына бұйырды. Аламан бәйгеде көкпаршылар көрерменің көңілінен шығып, көпшілік қауымның ризашылығына бөленді.

DSC_1411-e1540358160375 - копия DSC_0183 DSC_0008 DSC_0047 DSC_0058 DSC_0089 (1) DSC_0138 DSC_0171 DSC_0172

Автор: Досымшалова Гульнара