Елбасы жолдауы: Өмір сапасын арттыру- басты меже

DSC_1568

19 қазан күні Қазақтың Спорт және туризм академиясында  ҚР Президентінің « Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау өтті. Оған Елбасы жолдауын талқылау Республикалық ақпараттық тобының мүшесі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Жарасбаев Серік Маратұлы, Алматы қаласы дене щынықтыру және спорт басқармасы Бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Маханбетияров Алмас Мейрамғазыұлы және ҚазСТА-ның басшылары мен студенттері қатысты.

DSC_1494

Кездесуді ашқан ҚазСТА-ның Бірінші проректоры Мұхтар Есқалиев «ҚР Президентінің қазан айындағы жолдауының ерекшелігі – ел азаматтарының тұрмыстық жағдайын басты негізге алып, ел қаржысын адам капиталын инвестициялауға жұмсау қажеттігін нақтылауында жатыр» — дей келіп, алғашқы сөз кезегін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Жарасбаев Серік Маратұлына ұсынды.

DSC_1511

Серік Маратұлы Президент жолдауында «Мемлекеттік саясаттағы ең басты қастерлер құндылық – адам өмірі мен денсаулығы екені атап өтіліп қана қоймай, қазақстандықтардың өмір сапасының арттыру жолында ел билігі мен қазақ қоғамының бірлесіп атқарар жұмыстары межеленді» — дей келіп, бұл бағытта ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастамасымен маңызды шаралардың қолға алынып жатқанын баяндады.

Кездесу барысында ҚазСТА профессор-оқытушылары мен студенттері Серік Маратұлына өздерінің сауалдарын жолдады. Мәселен, Күрес кафедрасының меңгерушісі Шепетюк Михаил Николаевич «Биылғы оқу жылында еліміздің Жоғары оқу орындарына абитуриенттерді қабылдау ережесіне өзгерістер енгізіліп, кәсіби спорт саласында жетістікке қол жеткізген жастардың оқуға түсе алмай қалғанын білесіз, осы мәселеге орай министрлік тарапынан нақты шаралар атқарылып жатыр ма?» — деп Академия ұжымын толғандырып отырған сұрағын қойды.

DSC_1540 DSC_1545

Серік Маратұлы бұл мәселенің Министрлік мамандарының назарында екенін айта келіп, қабылданған заңға толықтырулар енгізу бастамасы көтеріліп, осы бағытта Қазақстан Парламент мәжілісінің депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен бірлесіп жұмыс атқарылып жатқанын айтты.

Серік Маратұлы спорт – қоғамдағы жалпы ел абыройын асқақтатын және нақты нәтижелермен ғана бағаланатын жалғыз сала екенін айта келіп, бұл бағытта үлкен жетістіктеге қол жеткізу үшін спорттық медицина мен ғылымды қатар дамытуға көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Академияның Ұлттық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі Жақсыбек Жүнісбеков Елбасы жолдауындағы «өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет» деген бағытта Спорт және мәдениет министрлігі тарапынан атқарылар шаралар туралы сұрағын жолдады.

DSC_1525 DSC_1537

Серік Маратұлы министрліктің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытында жүйелі істер атқарып жатқанын, нақтырақ айтсақ «Ұлттық спорт орталығы» ашылып, «Ұлы дала рухы» ойындарының өткізілгенін, оған еліміздің төрт өңірінен командалар қатысқанын атап өтті. Бұған қоса «Қазақстан барысы» сияқты үлкен жобаның да табысты өтіп келе жатқанына тоқталды.

Бұл кездесуде Елбасымыз жолдауындағы екінші басымдыққа, яғни «Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуына» қатысты елімізге танымал спорт саласы мамандарының пікірлері де тыңдалды.

Бұл кездесу Елбасы жолдауының қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған және нақты шаралар атқаруды межелеп берген маңызды құжат екенін көрсетіп берді.

DSC_1564 (1) DSC_1568