«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша Х Республикалық студенттік олимпиада өтті.

IMG_9934

        2018 жыл 12-13 сәуір күндері Алматы қаласы Қазақ спорт және туризм академиясының базасында «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша Х Республикалық студенттік Олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты 5В010800-«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәнін білу деңгейі бойынша үздік студенттерді анықтау.
Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған Олимпиадаға қатысуға өтініш білдірген 12 команданың 11-і қатысты. Олар:

  1. Қазақ спорт және туризм академиясы (Алматы қ.);
  2. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.);
  3. А. Яссауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ.);
  4. Е. Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.);
  5. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті (Павлодар қ.);
  6. Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал қ.);
  7. Л. Гумилев ат. Евразия ұлттық университеті (Астана қ.);
  8. І.Жансүгіров ат. Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған қ.);
  9. Абай Мырзахметов ат. Көкшетау университеті (Көкшетау қ.);
  10. М.Әуезов ат.Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент қ);
  11. С.Аманжолов ат.Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті (Өскемен қ.).

Олимпиада бағдарламасы әр ЖОО командасының өнер көрсетуін бағалау бойынша екі конкурстық тапсырмадан тұрды:

  1. «Ғылыми жоба» конкурсы
  2. «Интеллектуал» конкурсы

      Атап өтетін жайт, Академия командасы биыл Олимпиадаға сынақтан тыс қатысып қазақ топтары арасында бірінші орынды иемденді, ал орыс топтары арасында жетінші орын алды.  Жалпы командалық есепте үздік үштікке кірді.

Олимпиада ережесіне сай қорытынды көрсеткіштер төмендегідей:

Жалпы командалық есеп:

1 орын – Е. Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.

2 орын–Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ.

3 орын – Л. Гумилев ат. Евразия ұлттық университеті, Астана қ.

Қазақ тілінде өнер көрсеткен командалар үшін командалық есеп:

1 орын – С.Аманжолов ат.Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ.

2 орын – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар қ.

3орын– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.

Орыс тілінде өнер көрсеткен командалар үшін командалық есеп:

1 орын – Е. Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.

2 орын – Л. Гумилев ат. Евразия ұлттық университеті, Астана қ.

3 орын – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар қ.

IMG_9934 IMG_9935 IMG_9941 IMG_9950 IMG_9954 IMG_9959 IMG_9968 IMG_9969 IMG_9991