Факультет аралық КВН жарысы өтті

IMG_4155

Қараша айының 4 жұлдызында Қазақ спорт және туризм академиясында Жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен факультет аралық КВН лигасы өткізілді. Аталған шараға,  барлығы 6 команда қатысты.

Жыл сайын өткізілетін КВН жарысында биыл 6 команда өнер көрсетті .

  1. «Конор мен Макгрегор»
  2. «2 млн 300 мың» командасы,
  3. «Ескерткіш» командасы
  4. «Шалдар, балдар» командасы
  5. «Татьяна Борановна»
  6. «Мұңға батқанда табиғат үні көңілімді менің аулайды» командалары бақ сынасты

Әдеттегідей КВН десе ішкен асын жерге қоятын әзілсүйер қауым бұл жолы да залға лық толды. Сахнада ойын көрсеткен топтардың көбі алғаш рет сахнаға шығып тұрған 1 курс студенттері. Сахнаға енді ғана шығып тұрған 1 курс студенттерінің ойындары залдағы көрермендерді көңілінен шыға білді.

Бірінші тур – «Сәлемдесу» екінші тур — «Жаңалықтар» деп аталатын бөлімдерде студенттер уақыт регламенті бойынша өнер көрсетіп, жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көбінесе қазіргі таңдағы өзекті тіл мәселесі мен студенттік өмірде болған оқиғалар, махаббат, ата-ана мен баланың қарым-қатынасы тақырыптары көрініс тапты. Әр факультет  құрамалары  өздерінің ой ұшқырлығын танытты.

Әдемі әзіл мен көтеріңкі көңіл силаған шарада, әділқазылардың шешімі бойынша «2 млн 300 мың командасы» бірінші орын, «Мұңға батқанда табиғат үні көңілімді менің аулайды» командасы 2 орын, «Татьяна Борановна» командасы 3 орынға табан тіреді.

IMG_4209   IMG_4089

IMG_4183   IMG_4102