ҚРЕСЖ, профессор Бектілеу Қаражанұлын еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.

IMG_8162

Спорттық ойындар кафедрасының ұйымдастыруымен желтоқсан айының 7-8 күндері Алматы қаласы ЖОО-ның оқытушылары мен қызметкерлері арасында Тәуелсіздік күні мерекесі және Қазақ спорт және туризм академиясының 73 жылдық мерейтойына,  ҚРЕСЖ, профессор Бектілеу Қаражанұлын еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.

Жарыстың негізгі мақсаты ЖОО-ның оқытушылары арасында волейболды кеңінен насихаттап, қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтып, әріптестікті ұлғайту.

Турнир Қазақстан Республикасында волейболдан іс-шараларды өткізу ережесін сақтай отырып, қатысушы командалардың еріктілік және теңдік қағидаларын құптау негізінде өткізіледі.

барлығы 9 команда қатысып, 1 орынға Қазақ ұлттық өнер академиясы, 2 орын Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 3 орын Қазақ спорт және туризм академиясы иеленді.

IMG_7727  IMG_7730 IMG_7737  IMG_8155 IMG_8162  IMG_7722 IMG_7723