Байрақты бәсеке

5 қараша күні Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің орталық стадионында Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ұлттық жастар көкпар лигасы өтті. Спорттық шара Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде жүзеге асты.

Елбасы мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұлттық ойынымыз қайта жаңғыруда, бұл бастаманы жұртшылық қоғам болып қолдап отыр. Ұйымдастырушылардың сөйлеген сөзінде атап өткендей, көкпар тарту ойыны өскелең ұрпақтың бойына қайсарлық, ептілік, намсышылдық, отансүйгіштік сынды асыл қасиеттерді қалыптастырады. Онымен қоса, ұлттық спорт ойындары жас буынның салт-дәстүр, әдет-ғұрпын жадында сақтауына оң ықпалын тигізбек. Қандай да халық болмасын өз шыққан тегі, түп тарихын тану арқылы болашаққа батыл қадам басып, қыран құстай қанатың кең жаятыны анық.

Көкпар — күш-жігерді, төзімділікпен табандылықты қажет ететін қазақтың ұлттық ойыны. Байыптылықпен ақылға жүйеленген тұғырлы тартыстың өз ретінде философиялық мәні зор. Кіл жүйріктердің аламан додасына Қазақ спорт және туризм академиясы, ҚазҰУ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті және Алматы Энергетика және байланыс университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері қатысып, сынға түсті. Бес жоғары оқу орнының өр, рухты жігіттерінің байрақты бәсекесінде ҚазҰУ  мен Қазақ спорт және туризм академиясының командасы бірінші орын иеленді.

Дүбірлі доданы ұйымдастырушылардың айтуынша, айтулы жарыста қазақтың ер-жігіттері өз мықтылығын барынша дәлелдеді. Атап өту керек, студенттерді дайындау барысында әрбір университетте ұлттық лигамен бірлескен спорттық клубтар құрылған. Ұлттық ойынды спорттық ойынға негіздеу барысында арнайы дайындалған серке макеті қолданылды, ал бетоннан жасалған қазандықтың орнына іші шөппен толтырылған, сырты жұмсақ матамен қапталған қазандық орналастарлыған екен. Ұлттық Жастар лигасын құру бастамасының авторы Данияр Дәукей көкпар тартысының қазақ жылқысының көне тұқымы қарабайырлармен өткізіліп жатқандығын айтады. Ол келешекте көкпар ойынын танымал әрі тағылымды спорт түріне айналдыруды мақсат тұтады. Бастама авторы ойыншылар сонда ғана халықтың ұлттық батырларына айналады деп сенім білдірді.

 

Проверить также

Қазақстан бойынша еркін күрестен ең бірінші СССР спорт шебері Қабден Рахманқұлұлы Байдосовты еске алуға арналған «Күрес фестивалі» өтті.

Қазақ спорт және туризм академиясында қазан айының 28-і күні Қазақстан бойынша еркін күрестен ең бірінші ...

Құттықтаймыз!!!!

Астана қаласында 27-29 қазан аралығында қазақ күресінен 40 мемлекеттің қатысуымен өткен әлем чемпионатында  жеңіспен оралған ...