ҚазСТА магистранты “Арландар сайысы” турнирінің жеңімпазы атанды.

14 қазан «Алматы Арена» спорткешенінде қазақша күрестен жастар арасында «Арландар сайысы» турнирі өтті. Алматы қаласында өткен жарыс студенттер арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Сайысқа 14 облыстан және Алматы, Астана қалаларынан 96 палуан келді. Ашық турнирдің ережесі бойынша жоғары оқу орындарында оқитын, 18-29 жас аралығындағы барлық студент жастар және спорт клубтардың жас палуандары қатысты.

Спортшылар олимпиада жүйесі бойынша 60 кг, 74 кг және 90 кг салмақ дәрежелерінде күш сынасты. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық, медальдар және грамоталармен марапатталды.

60 килограмм салмақ дәрежесі бойынша үшінші орынды Алматы қаласынан Арыстанбеков Абзал мен Мағауинов Ержан иеленді. Екінші орынды Қарағанды облысынан Хуанбай Еламан алса, осы салмақ дәрежесіндегі палуандарды қолдау мақсатында тағайындалған автокөлік және бірінші орынды Алматы облысынан Еренғайыпов Ержан алды. Сондай-ақ, 74 килограмм салмақ дәрежесі бойынша үшінші орынды Қызылорда облысынан Әбдірашит Рахманберді және Маңғыстау облысынан Оразалин Нұрлан өзара бөлісті. Екінші орынды Алматы облысынан Жұмажан Нұржан және бірінші орынды Алматы қаласының атынан шыққан Академиямыздың магистранты Төлемісов Амангелді қанжығасына байлады. 90 килограмм салмақ дәрежесінде үшінші орынды қос Қызылордалық ұлан Сәлімгереев Нұрым мен Исақабылов Мақсат иеленсе, екінші орынды Алматылық Нұралинов Дәурен алды. Ең ауыр салмақтан үздік болып Алматы қаласынан Әбдіразақов Руслан танылды.

 

 

Проверить также

Байрақты бәсеке

5 қараша күні Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің орталық стадионында Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ...

Қазақстан бойынша еркін күрестен ең бірінші СССР спорт шебері Қабден Рахманқұлұлы Байдосовты еске алуға арналған «Күрес фестивалі» өтті.

Қазақ спорт және туризм академиясында қазан айының 28-і күні Қазақстан бойынша еркін күрестен ең бірінші ...