17-19 қыркүйек арасында Алматы қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында спорттық акробатикадан Азия чемпионаты өтті.

17-19 қыркүйек арасында Алматы қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында спорттық акробатикадан Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Азия елдерінен 174 спортшы бағын сынады. Жас ерекшеліктеріне байланысты сынға түскен спортшылардың ең жасы 11 жасқа дейінгілер болса, 11-16 және 12-18 жас арасындағы жастар да өзара топқа бөлініп сайысты. Жарыстың басты мақсаты – Қазақстандағы акробатика спортына деген қызығушылықты арттырып, әлемдік аренада ел намысын қорғайтын спортшыларды даярлау. Құрлықтың бірнеше елінен келген  спортшылар үш күн бойы тер төгіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Азия чемпионаты біздің елде осымен бесінші рет өтіп отыр. «Қазақстанда спорттық акробатиканы дамытып, спортшылар мен бапкерлердің шеберлігін шыңдау мақсатында өткізілген жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды», – дейді мамандар. Аталған жарыста Академиямыздың гимнастика және жузу кафедрасының студенті Романова Алина 1 орын иеленді.

Проверить также

ҚазСТА магистранты “Арландар сайысы” турнирінің жеңімпазы атанды.

14 қазан «Алматы Арена» спорткешенінде қазақша күрестен жастар арасында «Арландар сайысы» турнирі өтті. Алматы қаласында ...

В Казахской Академии спорта и туризма Открылась Высшая школа тренеров!

5 сентября 2017 года в Казахской Академии спорта и туризма состоялось важное  событие  –  официальная  ...