«Томирис» КВН командасының кезекті жеңісі

Еліміздің ең көңілді жастары қыркүйек айының 19  күні Талдықорғанда қала күні мерекесі аясында «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ филиалы, «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен «Жайдарман» Талдықорған қаласы  әкімінің кубогі ойнатылып, барша көрермендерге тамаша әзіл кешін сыйлады. Аталған шараға Академиямыздың атын танытып жүрген өнерлі қыздардан құралған «Томирис» КВН командасы қатысты. Әр қаладан жиналған 11 команда арасынан өздерінің сапалы әзілдерімен дараланған команда үздік 2 орынды иеленді.

Үздік өнер көрсетіп жүрген топтардың басын бір арнаға қосқан әкім кубогі жоғарғы деңгейде өтті деуге әбден болады. Қағытпа қалжыңмен халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ойынды тамашалаған қала қонақтары жоғары бағалды.

 

Проверить также

ҚазСТА магистранты “Арландар сайысы” турнирінің жеңімпазы атанды.

14 қазан «Алматы Арена» спорткешенінде қазақша күрестен жастар арасында «Арландар сайысы» турнирі өтті. Алматы қаласында ...

В Казахской Академии спорта и туризма Открылась Высшая школа тренеров!

5 сентября 2017 года в Казахской Академии спорта и туризма состоялось важное  событие  –  официальная  ...