Белсенді студенттер қабылдау комиссиясында жұмыс істеді

Биылғы қабылдау комиссиясының жұмысы жылдағыдан өзгеше басталды. Жылда дәстүр бойынша қабылдау комиссиясының құрамы тек оқытушылар мен қызметкерлерден тұрса, биылғы жылы комиссия құрамында студент жастардан құралған еріктілер тобы да болды. Ерікті студенттердің  басты атқарған жұмыстары оқуға тапсыруға келген талапкерлердің жақсы мамандық таңдауларына бағыт-бағдар көрсетіп, Академия тарихы туралы және оқитын мамандықтарының ерекшеліктерін түсіндіріп, сондай-ақ, документ тапсыруға көмектерін тигізу. Ал, кезекте тұрған талапкерлер мен ата-аналардың уақыттарын тиімді пайдаландыру мақсатында арнайы КазАСТ ТВ ға түрлі сұқбаттар алып, ойындар ұйымдастырып, флешмобтар ұйымдастырылды. Академияның белсенді студенттерінің  арқасында абитуриенттардың академияға деген қызуғышылығы артты. Болашақ студенттерге  барлық мүмкіндіктерді жасай отырып, студенттер өздері де көптеген тәжірибе жинады. Тәжірибеден өту барысында адамдармен қарым-қатынасқа түсуді , сөйлеу мәнерін , іс-қағаздармен жұмыс жасауды үйренді.  Саябақтарда,  адам көп жүретін көшелерде талапкерлерге Академияға түсу ережелері жазылған жарнамалық қағаздар таратумен де айналысты.  Биыл ғана қолға алынған жұмыс болса да белсенді студенттер ойдағыдай жұмыс істеп, оқытушылар мен басшылықтың көңілінен шыға білді. Студенттерге риза болған басшылық ақшалай силықпен марапаттады. Бұл үрдіс алдағы жылдарда да жалғасын табатынына сенім білдіреміз.

Проверить также

ҚазСТА магистранты “Арландар сайысы” турнирінің жеңімпазы атанды.

14 қазан «Алматы Арена» спорткешенінде қазақша күрестен жастар арасында «Арландар сайысы» турнирі өтті. Алматы қаласында ...

В Казахской Академии спорта и туризма Открылась Высшая школа тренеров!

5 сентября 2017 года в Казахской Академии спорта и туризма состоялось важное  событие  –  официальная  ...